Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Алдын-ала жоспарланған қылмыс»: Көлік қақтығысынан кейін өлтірілген Колесниковтің адвокаты сұмдық мәлімдеме жасады

14:56, 27 қаңтар 2026

Шымкентте жол үстінде басталған қақтығыстан кейін қала сыртында өлтірілген Василий Колесниктің ісіне қатысты жаңа деректер жарияланды, деп хабарлайды Alash.kz. 

Жәбірленуші жақтың адвокаты Талғат Есімов бұл оқиғаны кездейсоқ туындаған жанжал емес, алдын ала мұқият жоспарланған қылмыс деп есептейді.

Қорғаушының айтуынша, жол қиылысындағы көлік қақтығысы тек адамды қолға түсіру үшін жасалған айла болған. Күдіктілер өз көліктерінің зақымдалуына қарамастан, басты нысана ретінде Колесниковты ұрлап әкетуді көздеген. Қазіргі таңда бұл іс бойынша жеті күдікті қамауға алынып, тағы бір адамға іздеу жарияланды.

«Барлық БАҚ бұл оқиғаны жол ережесін бұзу салдарынан туындаған төбелес деп жазып жатыр. Шын мәнінде, жол ережесін бұзу - бұл құрылған қақпан болатын, ол жерде ешкім көлігін ойлаған жоқ. Олардың мақсаты Василий Колесниковты ұрлап әкетіп, кейін өлтіру болды, олар соны жүзеге асырды», - деп мәлімдеді Талғат Есімов.

Адвокат бұл қылмыстың қоғамға тасталған ашық сын екенін айтып, кінәлілерді өмір бойына бас бостандығынан айыруды талап етіп отыр. Қазіргі уақытта «Кісі өлтіру», «Адам ұрлау» және «Қару қолдану арқылы жасалған бұзақылық» баптары бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар