Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алаяқтардың аудандық аурухана дәрігерін алдап, көлемді ақшасын "жоқ қылғаны" айтылды

09:37, 08 маусым 2024 627

Ақтөбе облысындағы аудандық ауруханалардың бірінде жұмыс істейтін тіс дәрігері полиция алаяқтық фактісі бойынша арызданды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті. Бұл жайлы Alash.KZ ұлттық порталы жазды. 

Дәрігердің айтуынша, жақын таныс емес әйел мемлекеттік қордан өтеусіз несие алуға және көпбалалы отбасы ретінде пәтер алуға көмек көрсететінін айтып, оның 2 млн теңге сомасындағы ақшасын иеленген.

«Жәбірленуші ақшаны терминал арқылы аударған. ​Полиция қызметкерлері осы қылмысты жасады деген күдікпен 46 жастағы әйелді анықтап, полиция бөліміне жеткізді. ​Алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде», - делінген хабарламада.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар