Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алатау қаласының экономика көлемі 50 миллиард долларға жетеді

11:05, 20 наурыз 2026

Бұл 2050 жылға қарай жететін көрсеткіш. Мұны вице-премьер Қанат Бозымбаев Үкімет әзірлеген Конституциялық заң жобасын таныстыру кезінде айтты, деп жазады Alash.KZ.

Алдағы уақытта қала қалай дамиды: 
3 мың метрге дейінгі әуе кеңістігін пайдалану жоспарланып отыр;
Өңірде жалпы құны 1,8 триллион теңге болатын 44 инвестициялық жоба қалыптастырылған. Инвесторлар: Mars, PepsiCo, Hyundai Green Food, Envision Energy және басқа да ірі халықаралық компаниялар. Сонымен қатар KAIST университетін ашу жоспарланған;
Жаңа мемлекеттік орган – Alatau City Authority құрылады;
 Алатауды “Digital by default” қағидаты бойынша дамыту жоспарланған. Бұл цифрлық басқару, эксперименттік құқықтық режимдер және жасанды интеллект, пилотсыз көлік пен цифрлық активтерді енгізу дегенді білдіреді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар