Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алатау қаласында қандай және қанша шағын аудан болатыны хабарланды

26 маусым 2024 107

Алматы облысына қарасты Алатау қаласының әкімдігі мен мәслихаты қаланың қандай шағын аудандардан тұратынын нақтылап, тиісінше қаулы мен шешім жобасын әзірледі. Әкімдіктің хабарлауынша, Алатау қаласы 12 шағын ауданнан тұрады, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Ескерте кетейік, әрбір шағын ауданға Алматы облысының бұрынғы ауылдары кіреді. Қала құрамына шағын аудан болып енген ауылдардың атауы өзгермейді.

Алатау қаласындағы шағын аудандардың атауы төмендегідей: 

Арна шағын ауданы (Қонаев қаласының бұрынғы Арна ауылы);
Дәулет шағын ауданы (Талғар ауданының бұрынғы Дәулет ауылы);
Еңбек шағын ауданы (Іле ауданының бұрынғы Еңбек ауылы);
Жетіген шағын ауданы (Іле ауданының бұрынғы Жетіген ауылы);
Жаңаарна шағын ауданы (Іле ауданының бұрынғы Жаңаарна ауылы);
Жаңаталап шағын ауданы (Іле ауданының бұрынғы Жаңаталап ауылы);
Жаңадәуір шағын ауданы (Іле ауданының бұрынғы  Жаңадәуір ауылы);
Заречный шағын ауданы (Қонаев қаласының бұрынғы Заречный ауылы);
Қоянқұс шағын ауданы (Іле ауданының бұрынғы Қоянқұс ауылы);
Құйған шағын ауданы (Іле ауданының бұрынғы Құйған ауылы);
Қайрат шағын ауданы (Талғар ауданының бұрынғы Қайрат ауылы);
Ынтымақ шағын ауданы (Іле ауданының бұрынғы Ынтымақ ауылы).

Еске салайық, Алатау қаласы 2024 жылғы 10 қаңтарда құрылды. 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?