Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Алаш арыстары Наурыз мейрамына ерекше мән берген» - тарихшы Ахмет Тоқтабай (ВИДЕО)

21:00, 22 наурыз 2026

«Алаш арыстары Наурыз мейрамына ерекше мән берген». Бұл туралы тарих ғылымдарының докторы, профессор Ахмет Тоқтабай Abai TV телеарнасының “Сарасөз” бағдарламасына берген сұхбатында айтты, деп жазады Alash.kz.

«Алаш арыстары Наурыз мейрамына ерекше мән берген. Олар «Қазақ газеті», «Айқап» журналы, «Дала уәлаятының газеті» сияқты басылымдарда халықты мерекемен құттықтап, жылы лебіздерін білдірген», - дейді тарих ғылымдарының докторы, профессор Ахмет Тоқтабай.

1913 жылы 9 наурызда «Қазақ газетінде» жарық көрген Алаш азаматтарының құттықтауында былай делінген:

«Наурыз – қазақтың жыл басы. Бұрынғы заманда әр ел бұл күнді мерекелеп, бас асып, қазан-қазан көже пісіріп, ауылдан ауылға, үйден үйге жүріп, бәрі мәз болып, көрісіп араласатын».

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар