Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алан Құрманғалиев Швецияда өткен турнирде алтын медаль жеңіп алды

13:39, 08 маусым 2026

Қазақстан құрамасының өкілі Алан Құрманғалиев Хельсингборгте (Швеция) өткен WTT Youth Contender турнирінде алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитет хабарлады, деп жазады Alash.kz.

Қазақстандық спортшы U19 жас санатында үздік атанды.

Турнир барысында Алан Хьюго Джобсты (Швеция) 3:0, Обада Таббахты (Швеция) 3:0, Балаж Поорды (Мажарстан) 3:1, Абхинандх Прадхивадхиді (Үндістан) 3:2, Ян Мругаланы (Польша) 3:0 және Йохан Хавстинді (Дания) 3:1 есебімен жеңді.

Финалда Құрманғалиев польшалық Самуэль Михнаны 3:1 есебімен ұтты.

Айта кетерлігі, бұл жеңісі үшін қазақстандық теннисші рейтингке 1000 ұпай еншіледі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар