Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Алаяқтар қорқытып, қысым көрсеткен". Алматыда бейтаныс ер адамның қоңырауларына жауап беремін деген зейнеткер көз жұмды

09:49, 28 наурыз 2026

Трагедия 21 наурыз күні болды. Зейнеткер Александр Шершаков таңертең «Жетісу» базарына кеткенімен, үйіне қайта оралмаған, деп хабарлайды Alash.kz. 

Күндіз ол байланыста болған, алайда туыстарының қоңырауларына жауап бермей, телефонды қайта-қайта өшіріп отырған. Бір сәтте қоңырауды бейтаныс ер адам көтеріп, артынша зейнеткердің өзі сөйлескен. Ол үйге келе жатқанын және бәрін түсіндіретінін айтқан. Отбасы осы сәтте оған қысым жасалып жатқанын сезген.

Соңғы рет ол туыстарымен сағат 16:21-де байланысқа шыққан. Сол кезде өзінің Розыбакиев пен Ескараев көшелері маңында екенін, аялдамаға қарай бара жатқанын айтқан. Сондай-ақ жағдайдың алаяқтармен байланысты екенін растаған.

Көп ұзамай оның жағдайы күрт нашарлаған. Зейнеткер көшеде, 4YOU тұрғын үй кешенінің қарсысында есінен танып қалған. Куәгерлер жедел жәрдем шақырып, алғашқы көмек көрсетуге тырысқанымен, оны аман алып қалу мүмкін болмады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар