Соңғы уақытта Қазақстанда интернет-алаяқтықтың жаңа түрі таралуда, деп хабарлайды Polisia.kz.
Қаскүнемдер жеткізу қызметтері, банктер немесе басқарушы компаниялар атынан әртүрлі хабарламалар мен SMS жіберіп, азаматтарды өздері қайта қоңырау шалуға итермелеп отыр. Бұл әдіс адамдардың сақ болуын төмендетіп, жеке деректер мен банк мәліметтерін ұрлауға мүмкіндік береді.
Алаяқтар “авторизациядағы қате”, “домофонды ауыстыру”, “есептегіштерді тексеру” сияқты сылтаулармен адамдарды өз еркімен байланысқа шығуға мәжбүрлейді. Мұндай жағдайда қаскүнемдер сенімге кіріп, әлеуметтік инженерия әдістерін қолдана отырып, жеке ақпаратты немесе қаржылық шығын келтіруге бағытталған әрекеттер жасайды.
Ішкі істер министрлігі мен Бас прокуратура азаматтарға мынадай сақтық шараларын ұсынады:
-
Беймәлім хаттар, хабарламалар мен қоңырауларға сыни көзқараспен қарау;
-
Ұйымдардың тек ресми сайттарында көрсетілген байланыс нөмірлері арқылы қоңырау шалу;
-
Екі факторлы аутентификацияны пайдалану;
-
Банк карталарының деректері, SMS арқылы келетін бір реттік кодтар және басқа да құпия ақпаратты бөгде тұлғаларға бермеу.
Қауіпсіздік бәрінен маңызды – өзіңізді және қаражатыңызды қорғаңыз.