Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Әл-Жәзира" телеарнасы Украина туралы не көрсетті?

10 мамыр 2022 178
[ad_1]



Қатардың "Әл-Жәзира" телеарнасы 9 мамырда эфирден берілген репортажында Украинада қаза тапқан ресейлік әскерилерге толы вагон-рефрижераторды көрсетті.

Видеорепортажда үстінде ресейлік сарбаздың киіміне ұқсайтын әскери форма, сондай-ақ Ресейде шығарылған беренді бешпеттің белгісі бар өлген адамдардың мүрделері, ресейлік жауынгерлер әскери киіміне тағатын шеврондар, қаза тапқандардан табылған түрлі алтын әшекей бұйымдар көрсетіледі.

"Әл-Жәзира" телеарнасы бұл репортаж Киев облысында түсірілгенін айтады. Телеарна мәліметінше, вагондағы өлі адамдарды Ресей тарабы алғысы келмеген.

  • Ресей қорғаныс министрлігі Украинаға басқыншылық бастаған 24 ақпаннан бері қаза тапқан және жараланған сарбаздар жайлы мәліметті тек екі-ақ рет жариялаған. 25 наурызда Ресей әскери басшылығы 1351 сарбазы қаза тауып, 3825-і жараланғанын хабарлаған.

  • 9 мамырда Украина қарулы күштерінің бас штабы Ресей армиясының жалпы шығын 25 650 адам деп мәлімдеді.




[ad_2]

Дереккөз
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?