Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аумағында жас жігіт қаза тапты

19 маусым 2024 592

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аумағындағы субұрқақтың жанында жас жігіт қаза тапты, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Алматы полиция департаментінің хабарлауынша, тергеу басталды. Өлімнің алдын-ала себебі - жүректің тоқтауы, сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Марқұм университеттің студенті емес екендігі атап өтілді. Бейресми деректерге сүйенсек, оқушыны субұрқаққа түскен кезде тоқ соққан. Жедел-жәрдем көлігінің де кешігіп келгені, университет аумағына кіре алмағаны айтылады. 

Қазақ Ұлттық университетінде ҰБТ орталығы мен екі үлкен субұрқақ орналасқан. Университет түлектері алаңдағы субұрқақтың орнында алып қарағай мен шырша ағаштарының кезінде жайқалып тұрғанын, кейіннен субұрқақ салынып, ағаштардың алынып тасталғанын айтады. 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?