Желіде Атырау облысының Құрманғазы ауданында әкімдік қызметкері ағаштан құлап, ауыр жарақат алғаны туралы ақпарат пайда болды, деп хабарлайды Alash.kz Stan.kz сайтына сілтеп.
Құрманғазы аудандық әкімдігінің кіші қызметкері ауруханада жатыр. Желіде тараған ақпарат бойынша, ол ауруханаға жеткізілген.
Бірақ әкімдік ешқандай көмек көрсетпеген. Аудан әкімі Абат Жанғалиев зардап шеккен ер адамға барып, тексермеген.
Ал аппарат жетекшісі Данияр Ердещов аула сыпырушының әйелін әкімге кіргізбей қойған. Бір ғана көмек – 4000 теңге такси үшін берілген.
Жәбірленушінің айтуынша, полиция іс қозғамаған, оқиғаға қатысты тергеу бір аптадан бері басталмаған.
Құрманғазы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі фактіні растап, қазір еңбек инспекциясы мен құқық қорғау органдары тексеру жүргізіп жатқанын айтты.
Полиция қылмыстық іс қозғағаны белгілі болды.
"2025 жылдың 22 қаңтарында аумақтағы ағаштарды өз бетінше кесу кезінде Құрманғазы ауданы әкімі аппаратының аула сыпырушысы жарақаттанған. Ол ауруханаға түсті. Алдымен аудандық ауруханаға жатқызылды, кейін Атырау облыстық ауруханасына ауыстырылды. Жұмыс беруші заң шеңберінде құқықтық қолдау мен материалдық көмек көрсетеді. Мемлекеттік еңбек инспекциясы мен құқық қорғау органдарына хабар беріліп, қажет тергеу амалдары жүргізіліп жатыр”, – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасы жәбірленушінің жағдайы мен алған жарақатының туралы ақпарат беруден бас тартып, мұны жария етуге құқығы жоқ екенін алға тартты.