Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Әкесінен зәбір көріп, 7 жылда 3 рет тұрмысқа шыққан қыз өз шындығын айтып, елді жылатты (ВИДЕО)

16:12, 25 қараша 2024 3022

7 жыл бойы туған қызын іздеген ана “Көреміз” ток-шоуынан көмек сұраған. Араға бір ай салып, бағдарлама ұжымы жоғалып кеткен Луиза Тұралиеваны іздеп тапты, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы. 

Ата-әжесінің қолында өскен 29 жастағы қыз 7 жыл бойы 3 рет тұрмыста болған. Бірінші некесінен 3 айдан кейін ажырасып кеткен. Өз келісімінсіз алып қашып кеткені анықталды. Кейін баласы үш жасқа толғаннан кейін, өз ата-анасының үйінен кетіп қалған. Содан кері оралмаған.

Көреміз тілшілері зерттеу барысында Луизаның 3 рет тұрмыста болғанын айтты. Бірімен үш ай, екіншісімен 2 ай, үшінші жолдасымен 3 жыл 3 ай отасқан. Екі некеден екі қызы бар. Қайын апа енелерінің айтуынша, шаруаға пысық болған. Бірақ ішетіні бар дейді. Кейін оның қайта-қайта кетіп қала беретінін де тілге тиек етті. 

Студия қонақтарының айтуынша, бұл стрессте, депрессияда жүрген жанның қылығы дейді. 

Журналист Руслан Өтепбай өзінің парақшасында Луизаға жаңа құжат дайындалып, ата-анасының қолында қалған тұңғыш ұлына қарай бара жатқанын баяндады. 

Студияға Луизаның өзі келіп, әкесінен зәбір көргенін айтты. Олар жақсы болғанда, мен қаңғып жүрмес едім дейді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар