Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Әке мен баланың араға он жыл салып түсірген видеосы Алаш жұртшылығының жүрегін елжіретті

17:56, 29 мамыр 2024 1276

Ұлттық ақпарат кеңістігінде әкесі мен баласының мектепке апарар жол бойында өзара тілдескен видеосы қалың қазақтың жүрегін елжіретті. Бейнекадрларда әкесінің баласын алғаш мептепке жетелеп апарған сәулелі сәті мен бірнеше жылдан кейінгі уақыт, баланың 11-сыныптағы кезі, бейнеленген, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы

Видеоны _stan.kz бөлісті. Онда баласының қолына гүл ұстап алғаш мектепке бара жатқаны бейнеленеді. Мұнда ол әкесінің қойған сұрақтарына жауап беріп, “мектебі қайда екенін, қай сыныпқа бара жатқанын” білмейтінін айтады. Және әкесінен “әке мен үлкен болып кеттім бе” деп сұрайды. Әкесі де оған “иә” деп жауап береді.

Ал видеоның жалғасында ол баланың бірнеше жылдан соң 11-сыныпқа өтіп, дәл солай әкесімен бірге бара жатқаны көрсетілген.

– Балам қайда барасың?

– Сабаққа…

– Нешінші сынып?

– 11-сынып, әке мен үлкен болып кеттім бе?

– Иәә үлкен болдың, – делінген әкесі мен баласының диалогында.

Зымырап жатқан уақыттың ажарына бала мен әкенің әңгімесі арқылы назар салған  желідегі жұртшылықтың жүрегі елжіреп, көптеген пікір қалдырды.

“Жылап қалдық, қандай керемет естелік”, “Уақыт қалай тез, көз жасымды ұстай алмай отырмын”, “Өмірімде көрген ең керемет видео”, “Жүрегім-ай”, “Қандай жүрек тебірентер видео”,- деп жазды желі қолданушылары.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар