Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Академиядағы сұмдық: 2 курсант бірігіп 15 жастағы қызды зорлаған

14:13, 27 қаңтар 2025 424

Прокуратура Көкшетаудағы Төтенше жағдайлар министрлігінің Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының екі курсантының қыз зорлау оқиғасына қатысты тың мәлімет берді, деп хабарлайды Alash.kz Azattyq Rýhy. сайтына сілтеме жасап. 

Бұдан бұрын полицияның академияның Н.Қ. және С.М. деген екі курсантының 16 жасқа толмаған қызды зорлағынын растағанын және олардың қылмыстық жазадан құтылып кеткенін жазған едік.

Олардың неліктен жазадан босағаны туралы нақтырақ білу үшін Ақмола облысының прокуратурасына сауал жолдадық.

Сонымен, мен Азаматтық қорғау академиясының екі курсанты Н.Қ. және С.М. 15 жастағы С – мен әлеуметтік желі арқылы танысқан. Екеуі Көкшетау қаласындағы жалдамалы пәтерге барып, қызбен кездеседі. Қыз бен С.М. жыныстық қатынасқа түседі, ал Н.Қ. бұған араласпайды.

«С» есімді кәмелетке толмаған қызбен, соңғының келісімі арқылы жыныстық қатынасқа түскен. Н.Қ.-ның аталған қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысы бары, тергеп-тексерумен анықталмауына байланысты оған қатысты қылмыстық қудалау ҚПК-тің 35-б. 1-б. 2-т. яғни, «қылмыстың құрамы болмауына» байланысты тоқтатылған. 29.10.2024ж. С.М.- ның іс әрекеті ҚК-тің 122-б. 1-б. (көрінеу он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынасқа түсу) сараланған», - делінген прокуратура жауабында.

Полицияға «немеремді зорлап кетті» деп арызды қыздың әжесі Г.Ахмадиева жазған. Алайда желтоқсан айында ол арызын қайтып алған. Екі жақ татуласып, іс жабылған. Күдікті бостандыққа жіберілген.

Прокуратура оның себебін түсіндірді.

«Қылмыстық теріс қылық немесе қазаға ұшыратумен байланысты емес онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасаған адам, егер ол жәбірленушімен, арыз берушімен татуласса, оның ішінде медиация тәртібімен татуласса және келтiрiлген зиянды қалпына келтірсе, қылмыстық жауаптылықтан босатылуға жатады (ҚК-тің 68-б. 1-б.)», - дейді жауапты орган.

Прокуратураның түсіндіруінше, ҚК-тің 68-бабының 4-бөлігінде 14 жастан бастап 18 жасқа дейінгі кәмелет жасына толмағандарға жасалған жыныстық тиісуді медиация арқылы шешуге болады.

«Кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмысты, кәмелетке толмаған адам, он төрттен он сегізге дейінгі жастағы кәмелетке толмаған адамға қатысты жасаған жағдайда, осы баптың талаптарына сәйкес татуласуға байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатуға жататындығы айқындалған», - дейді ресми жауапта.

Академия курсанты С.М. қылмыс жасаған уақытта 17 жаста болған.

Осы оқиғадан кейіни жас қызды зорлады деп күдікке ілінген академияның күндізгі оқу факультетінің курсанттарын тек оқудан шығарып жіберген. Ал оқу орнының лауазымды тұлғалары тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Еске салсақ, биыл 15 маусымнан бастап әйелдердің құқығын қорғау және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы заң жұмыс істейді. Бұл заң бойынша кішкентай балаларға жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасағандар да өмір бойына түрмеге тоғытылады.

Қылмыстық кодекске жаңа 121-1-бап «Он алты жасқа толмаған адамдарға сексуалдық сипатта тиісу» қосылды. Бұл бап бойынша белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейін айыра отырып немесе онсыз, 200 АЕК дейін түзеу жұмыстарына не 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартуға, не 50 тәулікке дейін қамауға алу жазасы қарастырылған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар