Ажырасудың ауыр кезеңін бастан өткерген танымал актриса Жанель Мақажан бұрынғы отағасы Абай Асылханмен екі айырылысқанға дейінгі және одан кейінгі бейнесін салыстырмалы түрде көрсетіп, желіде суреттерін жариялады, деп хабарлайды Alash.kz.
Атақты өнер иесі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында небәрі үш айдың ішінде сырт келбеті мен бет-әлпетін толықтай қалпына келтіре алғанын жеткізді.
Өмірдің үлкен сынағынан өткенін айтқан актриса: «Ажырасуды бастан өткеріп, дымсыз қалу оңай емес. Оның үстіне төрт балама деген жауапкершілік жалғыз менің мойныма артылды. Бірақ мен өзімді қолға алып, алдымен өзімнен бастадым. Өзімнің жағдайымды, келбетімді, ал ең бірінші бет-әлпетімнің жағдайын жақсартудан бастадым. Үш айдың ішінде осындай нәтиже көрсеттім», — деп жазба қалдырды.
Осылайша төрт баланың жауапкершілігін мойнына алған өнер иесі тығырықтан шығар жолды ең алдымен өзін күтуден және ішкі-сыртқы жағдайын реттеуден бастағанын атап өтті.