Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ажырасқан әйелді алған ер адамның несібесі көп болады - АКТЕР

09:37, 05 қыркүйек 2024 515

Желіде белгілі актер Бауыржан Сатовтың ажырасқан әйелге қатысты айтқан пікірі тарады, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Skifnews.kz сайтына сілтеп. 

«Ажырасқан, баласы бар әйелді алған ер азаматтың несібесі көп болады. Олар ішіндегі саяз ойларын алып тастап, жүрегіне кеңдік беріп үйленеді. Ол әркімнің қолынан келе бермейді. Баласы бар болса да қарамай жатамыз. Ал ондай адамға Алла ризық береді. Ол өзіне, әйеліне, баласына ризық алады. Байқасам сондай адамдар жетістікке жетеді. Оны айналамнан көп көріп жүрмін», деді актер.

Ал желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді.

«Ажырассам қалай болады деген әйелге мотивация беріп отырсың», «Ер адамға лайық сөз айттың», «Терең ойлайтын адамдар бар екен», «Өз баласы мен әйелін тастап, басқа әйелді баласымен алған еркек туралы не айтасың?», «Одан да керек емес. Бұрынғы күйеуімен арласады, балалар өз әкесіне барады. Өз басымнан өтті», деп жазды олар.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар