Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Әжесі Дариға баламды тартып алды: Назарбаевтар отбасының сұмдық шындығы ашылды

14:13, 22 тамыз 2024 2212

Саяси белсенді Серікжан Есенғосұлы Назарбаевтар әулеті туралы тың ақпаратпен бөлісті деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Есенғосұлы Айсұлтан мен Дариға Назарбаевалардың “былығын” еске алды.

«Ықпалды әулеттің суррогаттық жолмен дүниеге келген балалары туралы сөз болғанда шынайы бір оқиға есіме түсіп кетті. Ананың суррогаттық емес, өз баласын тартып алған. Оны некесіз туған баласынан бас тартуға мәжбүрлеген. Ұл баланы әкесінің шешесі, яғни әжесі асырап алған. Қыз баласын сағынып зарығады, бірақ қолынан келер қайран жоқ. Бір кездесуді армандайды. Бір қалада тұрса да, кездесу мүмкін емес. Ол баласымен араласса да, оны ешқашан қайтара алмайтынын түсінеді. Өйткені, баланың әкесінің есімі Айсұлтан, әжесінің есімі Дариға...», - деп жазды ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар