Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Айзат Жұманова ісіне қатысты сот-медициналық сарапшы тың мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

10:50, 20 желтоқсан 2025

32 жастағы Айзат Жұманованың қазасына байланысты Талдықорғанда 19 желтоқсанда өткен сот отырысында маңызды мәліметтер жарияланды, деп хабарлайды Alash.kz. 

Сотта тәуелсіз сот-медициналық сарапшы Тахир Халимназаровтан жауап алынды.

Сарапшының мәлімдеуінше, мәйітке эксгумация жасалды, ал өлім себебі – ауыр бас ми жарақаты.

– Шүйде сүйегі сынған. Ол сынып сүйегінің асты жағына өтіп кетеді. Өйткені, тамырлар да жыртылады. Бас-миының ісінуіне көп әсер ететіні - сол, – деді.

Сарапшы «марқұмды жылқымен сүйреген» деген ақпаратты жоққа шығарды, ал прокурор да бұл деректі растаған жоқ.

– Жоқ. Ондай көрсетпелер мәйіттің денесін зерделегенде анықталмады. Сараптама қорытындысында ондай жарақаттың іздері көрсетілген жоқ, – деді Халимназаров

Сот барысында сұралған сацалдар ішінде келіншектің жүкті болғаны да жоққа шығарылды.
Айзат Жұманованың күйеуі, айыпталушы Айбар Жанболат сотта өз кінәсін мойындамай, «шапалақпен ғана ұрдым» деп жауап берді.

Естеріңізге сала кетейік, 32 жастағы Айзат Жұманованың қазасы биыл маусым айында Жетісу облысының Баласаз ауылында болған. Қазіргі таңда іс қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша қаралып жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар