Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Айыппұл келуі мүмкін». Маңызды! Бүгіннен бастап жаңа өзгеріс күшіне енді

12:13, 12 наурыз 2026

Бүгін, 12 наурыздан бастап Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілген жаңа өзгерістер күшіне енді, деп жазады Alash.kz. 

Ендігі кезекте жол қозғалысы мен қоғамдық тәртіпті бақылаудағы бейнебақылау камералары автоматты түрде тіркеу функциясын кеңейтіп, тәртіп бұзған азаматтарға айыппұл салу процесі жеделдетілді.

Бұған дейін бейнекамералар тек жылдамдықты асыруды, бағдаршамға бағынбауды немесе жол сызықтарын сақтамауды ғана қадағалап келсе, ендігі ретте олар кез келген құқық бұзушылықты автоматты түрде анықтайтын болады. Жүргізушілер үшін енді көлік басқару кезінде ұялы телефонды пайдалану, қауіпсіздік белдігін тақпау, техникалық байқаудан өтпеу немесе сақтандыру полисінің болмауы секілді әрекеттер автоматты түрде айыппұл салуға негіз болады.

Өзгерістер жаяу жүргіншілер мен тұрғындарға қатысты да қатайды. Атап айтқанда, көшеде қоқыс немесе темекі тұқылын тастау, белгіленбеген жерде темекі шегу, жолды рұқсат етілмеген тұстан кесіп өту немесе алкоголь өнімдерін заңмен белгіленген уақыттан тыс сату фактілері камералар немесе полиция қызметкерлері арқылы тіркеліп, тиісті шаралар қолданылады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар