Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Айтуға ұялдым…»: Роза Рымбаева Нұрсұлтан Назарбаев жайлы ел естімеген естелігін бөлісті (ВИДЕО)

14:24, 06 ақпан 2026

Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаева елдің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен арадағы кездесуіне қатысты естелігін бөлісті, деп хабарлайды Alash.kz.
Өнер иесінің айтуынша, экс-президенттің қабылдауында болғанына биыл тура ширек ғасыр толған. Жан-жарынан айырылғаннан соң, етек-жеңін жиып, өнерге қайта оралған Халық Әртісі ән кешіне Назарбаевты арнайы шақырған:

«Мен Димаш Ахметұлының да, Колбиннің де билік тұсында шығармашылық жолда жүрдім. Бірақ, ол кісілермен сөйлесіп, бетпе-бет тілдесіп көрген емеспін. Мені тек сахнадан көрді. Тыңдады. Алдарына өнерімді көрсеттім. Олар мені қабылдап, мойындады деп ойлаймын. Егер қабылдамаған болса, концерт бағдарламасында болмайтын едім ғой. 

…Сахнада жүргеніме 25 жылдығымның қарсаңында бір рет Нұрсұлтан Әбішұлының қабылдауында болдым. Осыдан 25 жыл бұрын… Мен ол кезде шақыртумен бардым. Мен сол кезде: «Аға, мен сізді шақырамын. 25 жылдық есеп беру кешімді өткізбекшімін. Келіп арнайы қонақ болыңыз», – дедім. Жолдасым Тасқынның қазасынан кейінгі бірінші концертім болуы керек. Мәдиімді дүниеге әкелген кезім. Ол мені қолдағысы келді деп ойлаймын. Кешіме келді. Кабинетте отырғанда «Роза, саған қандай көмек бере аламын?» деп сұрады. Бірақ, неге екенін бідмеймін, пәтермнің кішкентай екенін, 3 бөлмелі пәтерде 4 баламен, 3 музыкантпен бірге тұрып жатқанымды, музыкамен айналысуға дұрыс жағдайымның жасалмағанын айтуға ұялдым… Пәтер сұрамадым. «Аға, егер, менде проблема болса, тікелей әкімдікке айтамын» дедім. Солай. Ештеңе де сұрамадым. Қабылдағанына алғысымды білдірдім. Маған үлкен раушан гүл шоқтарын сыйлады. Қасында кішкентай кәдесыйы болды. Естелік болып, үйімде тұр. Кейін концертіме келді. Алдыңғы қатарда отырып, ән тыңдады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар