Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Айтуға қорықтым… Алладан белгі сұрадым”: Айгүл Иманбаева күйеуі жайлы ел естімеген шындықты айтты

14:46, 05 мамыр 2026

Әнші Айгүл Иманбаева журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында екінші күйеуімен қалай танысқаны туралы айтты, деп жазады Alash.kz.

"Мені кездесуге шақырды. Ұлым мен келінім жанымда екенін айттым. Үшеуің де келіңдер деді. Сол кезде маған деген көңілін ұлым мен келінім байқаған. Кейін екеуміз бөлек шай ішуге кеттік. Сол жерде өзінің 6 жыл бұрын ажырасқанын, студент қызы барын айтты. Мен де өзімнің қола дәуірінде ажырасқанмды айттым. Кейіннен арақашықтықтағы махаббатқа қалай қарайтынымды айтты. Дұрыс қараймын деп құлақтан тебе салдым.

Кейін телефонмен сөйлесіп жүрдік. Маған сөз салды. Не деп жауап берерімді білмедім. Ұлыма айтып едім, өресі биік адам екені көрініп тұр, одан басқа қандай еркекті іздеп жүрсің деді. Анама айтуға қорықтым. Иә, деп бірден келісе алмадым. Аузы күйген үрлеп ішеді. Немере күтіп жүрген әже, шәкірт тәрбиелеп отырған ұстаз ретінде қателесуге ұялдым. Содан таң намазында Алладан белгі сұрадым. Бір күні түс көрдім. Түсімде ақын Құрманай саусағыма неке жүзігін тақты. Бұл - белгі, ол менің адамым дедім", – деді Айгүл Иманбаева.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар