Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Әйтпесе қыспаққа аламыз". Иранның діни жетекшісі үндеу жариялап, Америкаға талап қойды

09:51, 14 наурыз 2026

Иранның мемлекеттік телеарнасы алғаш рет елдің діни жетекшісі ретінде көрсетілген Моджтаба Хаменеи үндеуін жариялады. Бұл туралы Alash.kz  хабарлады.

Мәлімдемеде ол аймақтағы АҚШ-тың барлық әскери базалары дереу жабылуы тиіс екенін айтты. Оның сөзінше, егер бұл талап орындалмаса, аталған нысандар шабуылдың басты нысанасына айналуы мүмкін.

Сонымен қатар Хаменеи Ормуз бұғазының саяси әрі стратегиялық қысым құралы ретінде пайдаланылуы мүмкін екенін айтып, бұғаз жабық күйінде қалуы тиіс екенін атап өтті.

Атысты тоқтату мәселесіне тоқталған ол бірнеше талап қойды:

  • аймақтағы америкалық әскери базаларды жабу;

  • келтірілген шығынның орнын толтыру;

  • Иранның бейбіт ядролық бағдарлама жүргізу құқығын мойындау.

Хаменеидің айтуынша, егер бұл талаптар орындалмаса, Иран қарсы тараптың активтерін тәркілеуі немесе баламалы экономикалық шығын келтіруі мүмкін.

Бұл мәлімдеме Таяу Шығыстағы әскери және саяси шиеленіс күшейіп тұрған кезеңде жарияланды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар