Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Air Astana Таяу Шығыстағы қақтығысқа байланысты рейстерін тоқтатты

12:49, 12 шілде 2026

Таяу Шығыстағы жағдайдың бүгін қайта шиеленісуіне байланысты Air Astana әуе компаниясы Дубай бағыты бойынша рейстер кестесіне өзгерістер енгізді, деп жазды Alash.kz.

Компанияның мәліметінше:

  • KC205 «Астана – Дубай» рейсі 12 шілде күні сағат 07:10-да Астанадан ұшып шыққанымен, кері бұрылып, ұшып шыққан әуежайға қайтарылуда.
  • KC897 «Алматы – Дубай» рейсі, 12 шілдеде сағат 08:50-де ұшуы тиіс болған, тоқтатылды.

Әуе компаниясы жолаушыларға билеттердің толық құны сатып алынған жері арқылы қайтарылатынын хабарлады.

Сондай-ақ Air Astana рейстер кестесіне қатысты қосымша өзгерістер кейінірек жарияланатынын мәлімдеп, жолаушыларға әуежайға бармас бұрын рейс мәртебесін міндетті түрде тексеруге кеңес берді. Таяу Шығыстағы ахуалға байланысты ұшу және қону уақыттарында өзгерістер болуы мүмкін.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар