Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Айқабақ пен Жұмыртұяқ": Көшпенділер ойынында қазақ тұлпарлары топ жарды

15:29, 13 қыркүйек 2024 1145

Көшпенділер ойынында аламан бәйге аяқталды. 25 шақырымға жалғасқан жарыста қазақстандық екі тұлпар жүлделі орынға ие болды, – деп хабарлайды Alash.KZ сайты Qaz365.kz материалына сілтеме жасап.

Аламан бәйгеге 27 шабандоз қатысты. Соңғы айналымда 7 ат қана қалды. Мәре сызығын бірінші болып "Айқабақ" кесті. "Жұмыртұяқ" екінші болып жетсе, қырғыз сәйгүлігі "Қара қыз" үштікті түйіндеді. 

 

1-орын: "Айқабақ", шабандоз – Ансар Арыстанбек, бапкері – Сапарғали Сатпаев, ат иесі – Жамбыл Бөбекбай (Қазақстан);

2-орын: "Жұмыртұяқ", шабандоз – Хамза Аманкелді, бапкері – Марат Ақберлинов, ат иесі – Марлан Бектенов (Қазақстан);

3-орын: "Қара қыз", шабандоз – Элесов Нурэл, бапкері – Керимбеков Нурбек, ат иесі – Сырғақ уулу Изат (Қырғызстан).

Бұған дейінгі Дүниежүзілік көшпенділер ойынында аламан бәйгеден кімдер чемпион атанған?

2014 жыл. "Қарат байыр" (Қырғызстан)
2018 жыл. "Байторы" (Қырғызстан)
2024 жыл. "Айқабақ. (Қазақстан)

Чемпионға темір тұлпар сыйға тартылады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар