Айгүл Иманбаева бұрынғы жолдасы Сәбит Әбдіхалықовпен бірге журналист Динара Сәтжанға шағын сұхбат берді, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Сұхбат барысында журналист алдымен Иманбаеваның тұрмыс құрғаны туралы әңгімеден бастады. Ол Сәбит Әбдіхалықовтан бұрынғы әйелінің күйеуге шығуына қатысты ойын білгісі келді.
"Осыдан екі жыл бұрын туған күнін жасаған. Сол кезде тілек айтқанда "оқыттың, өнерге баулыдың, екі рет үйлендірдің, рақмет саған, мама" дедім. "Енді келесі тойыңда тілек айтайық. Күйеуге шығып, бақытты бол, сол қуанышыңа келейік" деп батамды бердім. Бірақ әлі тойға шақырмады", - деді актер.