Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Әйелін атып өлтірген" - Қостанайда бұрынғы қаржы полициясы қызметкерінің соты басталды

09:36, 30 шілде 2026

Қостанай қаласының мамандандырылған қылмыстық істер жөніндегі сотында бұрынғы жұбайын өлтірді деп айыпталған 47 жастағы Таир Сәрсембинге қатысты іс қарала бастады, деп жазады Alash.kz. 

Қайғылы оқиға кезінде олардың тоғыз жасар қызы да оқиға орнында болған.

«Қостанай жаңалықтары» басылымының мәліметінше, Таир Сәрсембин бұған дейін қаржы полициясында қызмет атқарған. Кейін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы филиалында қауіпсіздік жөніндегі уәкіл болып жұмыс істеген.

Айыптау нұсқасына сәйкес, ер адам бұрынғы жұбайы, 37 жастағы Юлия Сәрсембинаның үйіне аңшылық карабинімен келіп, оған жақын қашықтықтан екі рет оқ атқан. Әйел оқиға орнында көз жұмған.

Прокуратура Сәрсембинге адам өлтіру, ұрып-соғу және қорқыту баптары бойынша айып тағып отыр. Қылмыс кезінде тоғыз жасар қыз баспалдақ алаңында болған. Тергеу дерегінше, ол анасының айқайын және оқ атылған сәтті естіген.

Юлия мен Таир 2015 жылы шаңырақ көтеріп, бес жылдан кейін ажырасқан. Марқұмның туыстарының айтуынша, отбасындағы жанжал ер адамның қызғанышынан басталған. Ажырасқаннан кейін олар қыздары үшін араласуды жалғастырып, қарым-қатынасты қайта қалпына келтіруге де талпынып көрген.

– Ол ешқашан оған бағынбайтын. Бұл аяқасты ашумен жасалған әрекет емес. Ол қылмысқа алдын ала дайындалған. Пәтерге арнайы карабин алып келген, - деді марқұмның әкесі Евгений Бондаренко.

Жәбірленуші тарап қылмыс ерекше қатыгездікпен жасалған деп санайды. Олардың пікірінше, оқиға кезінде кәмелетке толмаған баланың болуы осыны көрсетеді. Қазір Юлияның қызы Ресейде тұрады. Оны әжесі мен атасы қамқорлығына алған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар