Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Әйелім де спортшы, бірақ мен оған үйде отырасың дедім: Айбек Оралбай жұбайы туралы айтты

11:13, 25 қараша 2024 454

Боксшы Айбек Оралбай жұбайының да спортшы болғанын айтты, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Алайда қазір үйде отырғанын айтты.

"Жұбайым дзюдошы болған. 2016 жылы Якутияда өткен "Азия балалары" жарысында таныстық. Жол ұзақ екен, чартерлік рейспен ұштық, сонда оған көзім түсіп, кейін сөйлесіп кеттік. Ол кезде 16 жаста едік. Ал 2020 жылы "дзюдоны қоясың, себебі менің саған үйленетін ойым бар" дедім. Ол құлақ асып, бүгінде үйде бір баланың анасы болып отыр", - деді боксшы.

Ол балаларын боксқа бермейтінін айтты.

"Өзім бокста жүрген соң, бұл спорттың қаншалықты қиын екенін білемін, сондықтан да қимаймын", - деді ұлттық құрама капитаны. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар