Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Әйелі мен енесін өлімше етіп сабап кеткен”: Қаскелеңде әйелін соққыға жыққан асабаның әрекеті елді шошытты (ВИДЕО)

12:50, 27 қаңтар 2026

Алматы облысына қарасты Қаскелең қаласында адам шошырлық оқиға болды. Ер адам әйелі мен енесі тұратын үйге келіп, екеуін де өлімші етіп сабап кетті, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Әйел адамның сөзіне сүйенсек, күйеуімен қазір ажырасу үстінде жүр. Ал ұрып-соғып кету ол үшін қалыпты жағдайға айналған. 

Azattyq Ruhy хабарлауынша, белгілі болғандай, бұл жолы күректің сабымен анасы екеуін соққының астына алған. Адам шошырлық оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.

Видеоға назар аударсақ, ер адам қолындағы таяғымен қақпадан кіріп, әйелін бірнеше мәрте ұрғанын, соққының қатты болғаны соншалық, ағаштың бір бөлігі сынып кеткенін байқауға болады. Ер адам оларға араша түспек болған келіншектің анасын да сол таяқпен бірнеше рет ұрады. Артынша аулада тұрған көліктің терезелерін шағып, жүргізуге жарамсыз етіп кетті.

«Ол мені кезекті рет ұрып-соқты. Көлігімді де бүлдірді. Соққыдан қолым сынып кеткендей. Күректің сабымен аяғымды, арқамды оңдырмай ұрды. Анамды да соққыға жықты. Үйіміздің терезесін шағып тастады. Сол қолымды мүлдем сезбей тұрмын. Бет-аузым қан-қан. Әпкемді де ұрып тастады. Бұл қаншалықты жалғаса бермек?! Балаларымыз себеп болады. Оларды алып кеткен сайын ұрып-соғады. Полицияны шақырып қойдым. Қазір күтіп отырмын. Өтінемін, маған көмектесіңіздерші. Прокуратураға да арыз жазамын», – деп әйел адам көз жасын ұстай алмай, болған жағдайды баяндап берді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар