Электростальдік зейнеткер күйеуін өлтіруге тапсырыс берген, деп хабарлайды Alash.kz.
112 Telegram-арнасының жазуынша, әйелді қылмыс жасауға итермелеген себеп – ажырасу кезінде Дубайдағы жылжымайтын мүлікті өз меншігіне алу ниеті болған.
Ол бұрынғы күйеуінің өмірін 5 миллион рубльге (26 млн 408 мың 776 теңге) бағалаған.
“Алғашында ол күйеуін жүк көлігі қағып кеткенін қалаған, бірақ кейін ойынан айнып, одан да “әдістірек” тәсілді – улауды таңдаған. Өзінің арам ойын жүзеге асыру үшін ол жеке детектив тапқан, ал детектив арқылы киллермен байланыс орнатқан. Алайда бәрі жоспар бойынша болмады – киллер әйелді полицияға ұстап берген,” – делінген хабарламада.
Жедел қызмет өкілдері ер адамның өлімін қолдан ұйымдастырған. Ал әйел киллерге сыйақы тапсыру кезінде ұсталған.
Енді Дубайдағы сәнді апартаменттердің орнына оған сот және темір тордың ар жағындағы қарапайым бөлме күтіп тұр.