Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Әйелі ақылды екен: Блогер Дархан Жолшыбеков некесіз сәбиін мойындап, екі бөлмелі пәтер мен көлік тарту етті (ВИДЕО)

07:13, 04 қараша 2024 7242

Көктемде танымал блогер Дархан Жолшыбековтың Ұлытау облысы Сәтбаев қаласында тұратын некесіз бес жасар қызы бары белгілі болды. Алты айдан кейін блогер қызымен қайта жолығып, көлік пен үй сыйлады, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы. 

Желіде кеңінен таралған бейнежазбада Жолшыбеков қызының анасына жаңа JAC маркалы көліктің және елордадағы сол жағалауда орналасқан екі бөлмелі пәтердің кілтін табыстағанын көруге болады. Сондай-ақ, ол қызына өзінің тегін берген екен. Енді бес жасар қыздың құжатында аты-жөні Айша Жолшыбек болып жазылады.

Желі қолданушылары әкенің қызына қайта келуіне блогердің жұбайы Дариға ықпал етті деп айтуда. «Ойлаймын, жағдай Дарханның жұбайы Дариға арқасында шешілді», «Дари өте ақылды әйел», «Бәрі әйелге байланысты», «Дариғаға ескерткіш қою керек», – деп жазды оқырмандар.

Айта кетейік, осы көктемде бұл тақырыпқа «Көреміз» бағдарламасының бір шығарылымы арналған болатын. Онда Сәтбаев қаласының тұрғыны Айдана Сапарбекова бес жыл бұрын кәсіпкермен жақын қарым-қатынаста болғанын, қазірде бес жасар қызы бар екенін айтқан еді.

Сонымен қатар, блогер-миллионердің 8 ай бойы қызына бар болғаны 15 365 теңге алимент төлейтіні белгілі болды. Қыздың денсаулығына күрделі ем қажет екені де хабарланған. Қыз бәрін түсінеді, бірақ сұрақтарға толық жауап бере алмайды. Сұраққа сұрақпен жауап береді. Бұл оның эхолалия диагнозын алғанын білдіреді, яғни оған айтылғанды толықтай түсінбей, сөздер оған жаңғырып естілгендей болады.

Еске сала кетейік, бұған дейін 300 миллион теңгеге үй сатып алған блогер Дархан Жолшыбековтің алимент төлемі үшін жалақысын 60 мың теңге деп көрсететіні айтылған болатын.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар