Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Әйелге бірнеше рет ұятсыз ұсыныстар жасап, қысым көрсеткен". Перуашев экс-депутат Садықовтың "сорақылықтарын" жария етті

15:46, 04 қыркүйек 2024 586

"Ақ Жол" партиясының төрағасы Азат Перуашев Мәжілістің бұрынғы депутаты Асқар Садықовтың партиядан қандай себеппен шығарылғаны туралы хабарлады, деп жазды хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы. 

"Ақ Жол" партиясының төрағасы Азат Перуашевтың нақты мәлімдемесі:

Партиямыздың атына А.Садықовқа қатысты бірқатар шағымдар түсті, онда айтылған жәйттар пленумда қаралып, тиісті шешім шығарылды.

Шағымдардың дені оның теріс іс-әрекеттеріне, атап айтқанда, өкілеттігін асыра пайдалану мен этикалық нормаларды бұзуына байланысты болды. Шағымдардың әрқайсысы бойынша жеке-жеке фактілер келтіруге болатын болса да, бір ғана мысалды атап өту жеткілікті деп ойлаймын.

НАҚТЫ ДӘЛЕЛДЕР

Кейіннен партия жетекшісі А.Садықовтың әрекетін баяндап, дәлелдерді алға тартты:

Мәселен, парламентте (партияда  емес) жұмыс істейтін бір әйел адам А.Садықовтың бірнеше рет ұятсыз ұсыныстар жасап, қысым көрсеткені туралы айтып арызданды. Ол өзінің сөзіне дәлел ретінде ватсабына А.Садықовтан келіп түскен хабарламалардың скринін көрсетті (этикалық себептертерге байланысты оның бопсалауына тап болған аталған жәбірленушінің есімі жасырылған).Арызданушы 17 сәуірде өзіне жазылған мұндай қорлау ұсыныстарды жауапсыз қалдырып, елемеген екен. Алайда, 15 мамырда бұл әрекеттер тағы қайталанған және арызданушының айтуынша, А.Садықов жыныстық бопсалауды жүйелі түрде басқа күндерде де жалғастырған.
Бірақ, А. Садықовтың депутаттық қол сұғылмаушылыққа ие екендігіне байланысты, харрасментке тап болған жәбірленуші құқықтық қорғауға жүгіне алмаған.

Кейіннен Азат Перуашев А.Садықовқа ескерту жасағанын, алайды бұрынғы депутаттың «өзінің депутат екенін және кімге не қаласа соны айтуға құқылы екендігін» айтқанын баяндады:

Пленум барысында осындай әшкере болған заңсыз әрекеттерге жол берілмейтіндігі туралы ескертуіме жауап ретінде А.Садықов «өзінің депутат екенін және кімге не қаласа соны айтуға құқылы екендігін» айтты.

Сондықтан, біз бұл кедергіні алып тастадық, ал, А.Садықовты депутаттық мәртебесінен айыру туралы қабылданған шешім жәбірленушіге ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғауға мүмкіндік береді.

Оның лайықсыз мінез-құлқының басқа да фактілері бар, соның негізінде осындай шешім қабылданды. Олардың кейбіреулері құқық қорғау органдарының да назарын аударуы мүмкін, ондай жағдайда қажетті көмек көрсетуге дайынбыз, - деді ол. 

НӘТИЖЕ

Перуашев нақты шындық жайын баяндап, А. Садықовты партиядан шығару туралы шешім қабылданғанын айтты:


Бұл "шындықтың" да шынайы бет жүзін көрсетуге мәжбүрміз, одан басқа да эпизодтар мен құжаттар жетерлік.

Пленум нақты фактілерге сүйене отырып А. Садықовты партиядан шығару туралы шешім қабылдады. Соның ішінде, бұл жағдайлардың (бірнешеу) одан да қауіпті салдары болмас үшін.
Өзге адамдардың ар-намысы мен жеке өміріне қатысты болғасын бұл жағдайды көпшілік алдына шығару маған өте жиіркенішті болса да, осы мәселе төңірегіндегі дау-дамай мен алып-қашпа әңгімелердің нүктесін қоюға мәжбүрмін, - деп түйіндеді ол. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар