Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Әйелді қанжоса етіп сабап, видеоға түсірген»: Желіде тараған сұмдық оқиға туралы ел естімеген ақпарат шықты (ВИДЕО)

11:32, 04 ақпан 2026

Павлодар облысында әлеуметтік желіні дүр сілкіндірген қатыгез видеоға қатысты тексеріс басталды, деп хабарлайды Alash.kz. 

Полиция кадрдағы адамдардың жеке басын анықтап, барлық қатысушыларды бөлімшеге жеткізген.Таралған бейнежазбада белгісіз біреулердің бойжеткенді соққыға жығып жатқаны көрінеді. Зәбір көрген қыз дірілдеп, жылап тұрып кешірім сұраған және бұл әрекетті тоқтатуды өтінген. Ал кадр сыртындағы дауыс оны біреулерді алдап кеткені үшін айыптап, бұған дейін талай мүмкіндік берілгенін айтқан.

Тергеудің алдын ала болжамы бойынша, бұл оқиға сахналанған көрініс болуы мүмкін. Мәліметтерге қарағанда, видеоны бойжеткеннің өзі таныстарымен келісіп ұйымдастырған көрінеді. Дегенмен, полиция бұл қойылым болса да, заңға қайшы нақты іс-әрекеттерге жол берілгенін алға тартуда.

Қазіргі таңда екі ер адам «ұсақ бұзақылық» жасағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылып, уақытша ұстау изоляторына жабылды. Сондай-ақ видеодағы бойжеткеннің бұған дейін алаяқтық бабы бойынша сотты болғаны белгілі болды.

Павлодар облыстық ПД өкілдері түсініктемесінде жағдайды былай деп нақтылады:

«Оқиғаға қатысқандардың да, оны таратқандардың да іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі».

Қазіргі уақытта денсаулыққа қасқана зиян келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар