Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Әйелдер кісенмен босанады. Операцияны кісенмен жасайды..." - Абзал Құспан түрмедегі сұмдық жағдай туралы бар шындықты жайып салды

20:36, 17 желтоқсан 2025

Қазақстандағы тергеу изоляторларында өлім көрсеткіштері алаңдатуда, ал әйелдер қауіпсіз жерде емес. Мәжіліс депутаты Абзал Құспан бұл жағдайды сынға алып, нақты шаралар қабылдауды талап етті, деп хабарлайды Аlash.kz.

Депутат тергеу изоляторларындағы әйелдер қауіпсіз жерде емес екенін атап өтті:

"Бұрынғы құқық қорғау органдары мен мемлекеттік қызметшілер, соның ішінде судьялар ер адамдарға арналған арнайы мекемелерде жазасын өтейді. Ал әйелдер үшін бұл механизм қарастырылмаған. Соның салдарынан полицияда, сотта, прокуратурада, мемлекеттік органдарда және ҚАЖ-да қызмет атқарған әйелдер өздері бұрын қадағалаған, жауапқа тартқан немесе тексерген адамдармен бірге қамалады. Бұл олардың қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіреді", – деді депутат.

Депутат сонымен қатар әйелдердің кісен тағылған күйде босанатынын айтып, оны азаптау деп бағалады:

"Ұсталғандар мен сотталғандар кісенмен операциядан өткізіледі. Әйелдер кісен тағулы күйінде босанады. Ешқандай заң адамды наркоз кезінде, операциядан кейін, босану кезінде кісенмен ұстауға рұқсат бермейді. Бұл құқықты шектеу, Конституцияны тікелей бұзу. Халықаралық құқық тұрғысынан – бұл қатыгез, адамгершілікке жатпайтын әрекет, шын мәнінде азаптау", – деді ол.

Мәжіліс отырысында депутат Абзал Құспан Қазақстандағы тергеу изоляторларындағы өлім статистикасын жариялады:

  • 2022 жыл – 133 өлім, оның 96-сы аурудан;

  • 2023 жыл – 119 өлім, оның 95-і аурудан;

  • 2024 жыл – 148 өлім, оның 114-і аурудан;

  • 2025 жыл 11 айда – 124 өлім, оның 105-і аурудан.

"Бұл “табиғи себептер” емес. Бұл медициналық бақылаудың, прокурорлық қадағалау мен сот жауапкершілігінің сәтсіздігі", – деді депутат.

Абзал Құспан мына талаптарды қойды:

  • ТИЗО және ҚАЖ мекемелерінде болған өлімдерге заңды баға беру;

  • Қамаудағы адамдарға медициналық көмек көрсетудің нақты жағдайын тексеру;

  • Хирургиялық операциялар, босану және босанғаннан кейінгі кезеңде кісен қолдануды заңмен тыю.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар