Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Әйел киімін киіп TikTok-та стрим жасаған қарағандылық 10 тәулікке қамалды (ВИДЕО)

12:14, 21 тамыз 2026

Қарағандылық TikTok стримері 10 тәулікке қамауға алынды, деа хабарлайды Alash.kz

Қарағандыда әлеуметтік желідегі контентімен танылған 56 жастағы Еркен Жантықпаев 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Бұл туралы Қарағанды облысының полиция департаменті хабарлады.

Полиция мәліметінше, интернет кеңістігіне жүргізілген мониторинг барысында TikTok әлеуметтік желісіндегі стримердің контенті құқық қорғау органдарының назарына түскен.

ПД хабарлауынша, ер адам тікелей эфирлер өткізіп, әйелдердің киімін киіп шыққан және полиция «құқыққа қайшы» деп бағалаған контент жариялаған.

Іс сотта қаралып, сот қаулысымен қарағандылық тұрғынға 10 тәулік әкімшілік қамау жазасы тағайындалды. Сонымен қатар оған ресми ескерту жасалды.

Полицияның мәліметінше, Еркен Жантықпаев кейін әлеуметтік желілердегі аккаунттарын өшірген. Қазіргі уақытта ол құқық қорғау органдарының бақылауында.

«Кез келген қайталама құқық бұзушылық неғұрлым қатаң жауапкершілікке, оның ішінде қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін», – деп мәлімдеді Қарағанды облысының полиция департаменті.

Құқық қорғау органдары әлеуметтік желілердегі әрекеттер де заң талаптарына сай болуы керектігін еске салды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар