Алматыдағы азық-түлік дүкені ішінде әйел адамға шабуыл жасаған күдікті қолға түсті, деп хабарлайды Alash.kz.
Тәртіп сақшыларының мәліметінше, ер адам жәбірленушіге күш көрсетіп, оның алтын әшекейін тартып алған соң, оқиға орнынан бой тасалаған. Шабуылдан соң зардап шеккен әйелге шұғыл медициналық көмек көрсетілді.
Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, құрықтады. Ұрланған алтын бұйым айғақ зат ретінде тәркіленіп, іс материалдарына қоса тіркелді.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тиісті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу барысында оқиғаның барлық мән-жайы анықталатын болады.