Қазақстандық жас боксшы Харбиндегі турнирде финалға шықты, деп хабарлайды Alash.kz
Қостанайлық жас боксшы, МОО «Дала Қырандары» ұйымының қыраны Айдос Үсенов Қытайдың Харбин қаласында өткен халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды. 2025 жылдың 5–10 желтоқсан аралығында ШОС-қа мүше және бақылаушы мемлекеттердің 2007–2008 жылы туған жас боксшылары арасында өткен жарысқа Қытай провинцияларының командаларымен қатар, Ресей, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Беларусь, Тәжікстан және Моңғолия спортшылары қатысты.
Айдос 54 келі салмақ дәрежесінде үш жекпе-жек өткізіп, финалға сенімді түрде шықты. Алайда шешуші кездесу тартысты өрбіп, төрешілердің 3:2 есебімен шығарған бөлінген шешімі бойынша белорусиялық спортшыға жол берді. Осылайша жас қыран турнирдің күміс медалін жеңіп алды.
Сонымен қатар, жарыс барысында ерекше табандылық пен намыс көрсеткені үшін Айдос Үсенов арнайы «Жеңіске деген жігері үшін» сыйлығымен марапатталды.
«Дала Қырандары» тәрбиеленушісінің бұл жетістігі – оның еңбегі мен қайсарлығының, сондай-ақ қазақстандық жас спортшылардың әлеуетінің айқын дәлелі.