Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Айдарбек Қожаназаров Respublica партиясының төрағасы болып қайта сайланды

14:34, 04 шілде 2026

Respublica партиясының V кезектен тыс съезінде делегаттар партия төрағасы Айдарбек Қожаназаровтың өкілеттік мерзімін тағы үш жылға ұзарту туралы шешім қабылдады, деп жазды Alash.kz.

Съезд барысында өңірлік филиал өкілдері соңғы үш жыл ішінде Айдарбек Қожаназаровтың жетекшілігімен партияның еліміздің барлық өңірінде филиалдар желісін қалыптастырғанын, кадрлық резерв құрғанын, Парламенттен орын алып, бірқатар заңнамалық және қоғамдық бастама көтергенін атап өтті.

Ашық дауыс беру қорытындысы бойынша делегаттардың басым бөлігі оның өкілеттігін тағы үш жылға ұзартуды қолдады.

– Барша партияластарыма сенімдері мен қолдаулары үшін шынайы алғысымды білдіремін. Алдағы уақытта да партияның беделін нығайтып, еліміздің игілігі жолында аянбай еңбек етемін, – деді Айдарбек Қожаназаров.

Қабылданған шешім съезд бекіткен сәттен бастап заңды күшіне енді.

Айта кетейік, бұған дейін «Ақ жол» демократиялық партиясы да сайлауалды съезін өткізетіні хабарланған болатын.

Еске салайық, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысатын саяси партиялардың тізімін бекіткен еді. Сайлауға жеті саяси партия қатысады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар