Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Аяусыз ұрып-соғып, тізерлетіп кешірім сұратқан: Алматыда бір топ 15 жастағы қызды ұрлап білгенін істеген

14:41, 12 наурыз 2025 1011

Алматыда бір топ жасөспірім қызды аяусыз ұрып-соққан. Бұл туралы Alash.kz Qaz365.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Әйелдің айтуынша, инцидент 8 наурызда «Азия Парк» сауда-ойын-сауық орталығында болған. Оның қызы құрбысымен  «Пиноккио» ойын-сауық аймағында ролик теуіп жүрген.

Бір сәтте қызды бейтаныс қыздар алдап сыртқа шығарып, телефон, ақша және заттарын тартып алып, кейін ұрып-соға бастаған.

«Олар оны басынан және ішінен ұрып, видеоға түсірген. Жерге жатқызып, жан-жақтан қоршап тепкіге алған. Қызымды ұрып жатып біреуі шалынып құлапты. Сол үшін қызымды тізерлетіп кешірім сұратқан, оны видеоға түсіріп алған», — деді қыздың анасы.

Әйел дереу Әуэзов ауданындағы полиция басқармасына  арыз жазған.

Полиция тез арада кінәлілердің кім екенін анықтап, бетпе-бет кездесуді өткізді, бірақ жасөспірімдерді босатып жіберген.

Қыздың анасы бетпе-бет кездесуді айтып, жылап жіберді. Оның сөзінше , шабуылдаушылар — 15-17 жас аралығындағы «Сестры» деп аталатын жасөспірімдер тобы. 

 Олар 11-14 жас аралығындағы мектеп қыздарына жүйелі түрде шабуыл жасап, қорқытып, ұрып-соғып, ақша мен телефондарын тартып алады.

Егер телефондар қымбат болса — өздеріне қалдырады, арзандауларын — ломбардқа тапсырады екен.

Әйел сондай-ақ полицияда осы топтың құрбаны болған басқа ата-аналармен кездейсоқ кездесіп қалғанын айтты.

Алматылық ана сол жерде таяқталған қызы бір апта ауруханаға жатып қалғанын айтты дейді жәбірленушінің анасы.

Оқиға бойынша 191-баптың 2-бөлімі, 1 және 3-тармақтарына сәйкес (зорлық-зомбылықпен жасалған топтық тонау) қылмыстық іс қозғалды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар