Танымал продюсер, әнші Мөлдір Мұқан өзіне ренішін айтып, сынаған әнші Бақыт Тұрманға қатысты пікірін білдірді, деп жазады Alash.kz.
Мөлдір Мұқан Бақыт Тұрманның ренішінің негізсіз екенін “Тек қана қыздар” подкасында берген сұхбатында мәлімдеді.
Көрермендердің естерінде болуы мүмкін. Бақыт өлең айтып тұрады жаңа жылдық концертте. Алдында Қайрат билеп тұрады. Көз алдарыңа елестеттіңдер ма? Бақытты қолдап, қасында билеп тұрады…
Бұл мәселеде Бақыт Тұрманның жекеге өтіп кеткенін де жасырмады.
Нақты қандай конфликт болғанын ашылып айтыпты ғой. Мен көрген жоқпын. “Мені сахнаға шығармады” депті. Бірақ, бір жаман жері жекеге кетіп қалғаны дұрыс болмады.
“Егер де, сен осы Бақытты сахнаға шығаратын болсаң, мен сенімен ажырасамын” деп айтқан екен. “Ақыры ажырасты ғой” депті.
Сол кезде “шығарайықшы осы Бақытты” деп, “Туф, бір жағынан аяп кеттім, жарайды. Шығарайықшы сахнаға… Егер де, осы концерт шынымен де әсер етіп, оны жұлдыз қылып жіберетін болса, әп-әдемі түрі бар, дауысы бар, фигурасы бар”. Бірақ, мынандай жолмен біреуді жамандап, хайп жинап атақты болмай-ақ қойдым…