Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Аяғын сұрап жатыр" - Астанада автобус апаты кезінде қос аяғынан айырылған қыздың жағдайы туралы (Видео)

19:15, 09 маусым 2025 378

Астанада автобус апаты кезінде қос аяғынан айырылған 7 жасар Алуаның анасы қызының қазіргі жағдайы жайлы айтты, деп жазады Alash.KZ.

Қыздың анасының айтуынша, Алуаға тағы бір жеңіл ота жасалған. Баланың жағдайы жақсы. Алайда ұйқысы азайған, мазасыздық пен қорқыныш, үрей басым.

"Психологтар жұмыс жасап жатыр. Агрессия бар. Өз шашын өзі жұлады. Дәрігерлер де көмектесіп жатыр. Өзім де баламның қасындамын. Далаға шығарып тұрамыз. Аяғымен жүргісі келеді, аяғын сұрап жатыр. Жерге отырғыз дейді, отырады, ойыншықтарымен ойнайды" дейді қыздың анасы.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар