Аягөз қаласында болған оқиға әлеуметтік желілерде үлкен резонанс тудырды. Онда екі қазақстандық шетелдік азаматтарға олардың түскі ас кезінде қысым көрсетіп, «Қазақша білу керек қой» дегені көрінеді, деп хабарлайды Alash.kz.
Абай облысының полициясы оқиғаға қатысы бар екі адамды анықтап, оларды бөлімшеге жеткізді. Полиция мәліметінше, олардың бірі бұған дейін бірнеше рет хулигандық, есірткі заттарын заңсыз сақтау және 2022 жылғы сот үкімі бойынша денсаулыққа ауыр зиян келтіргені үшін сотталған. Қазіргі уақытта ол пробациялық бақылауда болған.
Сот екеуін де әкімшілік жауапкершілікке тартты: біреуіне 10 тәулікке әкімшілік қамау, екіншісіне 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды.
Оқиға әлеуметтік желілерде кең талқыланды, көпшілік Қазақстан азаматтарының бұл әрекеттерін қолдамағанын білдірді. Құқық қорғау органдары тұрғындарды тыныштық сақтауға және заң шеңберінде әрекет етуге шақырды.
Оқиғаның мән-жайы әрі қарай тергеліп жатыр.
Аягөзде қытай азаматтарына қысым көрсеткен екі азамат әкімшілік жауапқа тартылды (видео)
Туризм және спорт министрлігінде кадрлық ауыс-түйіс: Жаңа вице-министр тағайындалды
22:00, 16 қараша 2026
Әлихан Мәулет батуттағы гимнастикадан әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды
20:00, 16 қараша 2026
«Ерекше ықылас… Сыйлық дайындадық»: Димаш Құдайберген қуанышты жаңалығын бөлісті
16:09, 16 қараша 2026
Кадрлық ауыс-түйіс: «ҚазМұнайГаз» басшысының бірінші орынбасары қызметінен босатылды
15:36, 16 қараша 2026
«ҚазҰУ-да тағы бір 1-курс студенті көз жұмды»: Алматы полициясы күдіктіні ұстады
15:06, 16 қараша 2026
Олжас Бектенов Халықаралық валюта қоры миссиясының Қазақстан бойынша басшысымен кездесті
14:30, 16 қараша 2026