Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Әділдік әрқашан жеңеді! Нүкте қойылды”: Еділ Жаңбыршин қуанышты жаңалығын бөлісті

23:55, 26 мамыр 2026

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин желідегі парақшасында қуанышты жаңалығын бөлісті, деп жазады Alash.kz.

“ӘДІЛДІК ӘРҚАШАНДА ЖЕҢЕДІ!

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жануарларға жауапкершілікпен қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
 
Қоғамда қызу талқыға түскен бұралқы иттер мәселесіне нүкте қойылды!
Ендігі жерде бұралқы иттер қайтарымсыз ауланатын болады! Бізді қолдаған азаматтарға, Президентіміз Қ.К. Тоқаевқа, әріптестеріме Алла разы болсын! 

Елге қажет әділетті заңдар қабылдана бергей!”,- деп жазды депутат.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар