Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Әділ Сейфуллин «Qazcontent» АҚ басқармасының төрағасы болып тағайындалды

10:27, 06 маусым 2026

Әділ Сейфуллин «Qazcontent» АҚ басқармасының төрағасы болып тағайындалды, деп жазды Alash.kz.

Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі Әділ Сейфуллин «Qazcontent» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды.

Әділ Сейфуллин бұған дейін, 2026 жылдың ақпан айынан бастап Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің кеңесшісі болып жұмыс істеген.

Сондай-ақ әр жылдары «Хабар» агенттігі басқарма төрағасының кеңесшісі қызметін атқарып, «Қазинформ» халықаралық ақпарат агенттігінде жобаларды ілгерілету департаменті директорының орынбасары лауазымында еңбек еткен.

Жаңа басшының медиа және ақпарат саласындағы тәжірибесі мол. Ол бұқаралық ақпарат құралдары мен цифрлық коммуникациялар бағытындағы бірқатар жобаларды жүзеге асыруға қатысқан.

«Qazcontent» АҚ еліміздің жетекші мемлекеттік медиақұрылымдарының бірі болып саналады және бірқатар ақпараттық интернет-ресурстарды дамытуға жауап береді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар