Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Әдия ол кезде енді туған бөпе еді». Жазира Байырбекова Сәкен Майғазиевтің келінін танитын болып шықты

15:04, 06 маусым 2025 1765

Әнші Жазира Байырбекова әріптесі Сәкен Майғазиевтің келіні туралы білгенін айтып, елді елең еткізді, – деп хабарлайды ALASH.KZ.

Aikyn.kz басылымы әншінің Сәкен Майғазиев келінін танитыны жайлы жазды.  Жазира Байырбекова әріптестерімен бірге Жаңаөзен қаласына құда болып барған. 

“Бүгін Сәкен мен Динараның ұлы Әділеттің құдалығындамыз. Жаңаөзен қаласында отырмыз. Ең қызығы, осыдан 20 жыл бұрын осы әулетке Жанболат екеуміз қонаққа келіп, ән айтыппыз. Ол кезде Әдия енді ғана туған, бөпе екен. Өмір қандай?! Міне, достарымыздың келіні болып шықты. Енді құда болып келіп отырмыз”, – дейді Жазира Байырбекова. 

Сәкен Майғазиевтің әйелі де таңданысын жасырмай, «Өмірде осындай сәйкестіктер көп болсын», деп тілегін айтты.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар