Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Әдебиетке және ұлттық құндылықтарға деген сүйіспеншілік дарытты". Қазаққа қадірлі ұстаз, Қазақстанның мәдениет қайраткері өмірден өтті

17:52, 12 шілде 2026

Қазақстанның мәдениет қайраткері, халық ағарту ісінің үздігі, еңбек ардагері, ұлағатты ұстаз Төрткен Кененқызы өмірден өтті. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлады, деп жазды Alash.kz.

Министрлік марқұмның туған-туыстары мен жақындарына, шәкірттеріне, зиялы қауым өкілдеріне және барша қазақ халқына қайғыра көңіл айтты.

Төрткен Кененқызы саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне, ұлттық өнер мен мәдениетті дамытуға арнады. Ұзақ жылдар бойы білім беру саласында еңбек етіп, көптеген шәкірттің бойына ана тіліне, әдебиетке және ұлттық құндылықтарға деген сүйіспеншілік дарытты.

Ол халық ақыны, әнші-композитор Кенен Әзірбаевтың перзенті ретінде әке мұрасын сақтап, насихаттауға зор үлес қосты. Кененнің әндері мен шығармаларын жинақтап, зерттеп, кейінгі ұрпаққа жеткізу жолында аянбай еңбек етті.

Төрткен Кененқызының ұстаздық жолы, ұлттық руханиятқа сіңірген еңбегі мен өнерге деген адалдығы кейінгі буын үшін өнеге болып қала береді. Оның жарқын бейнесі мен ғибратты ғұмыры халық жадында мәңгі сақталмақ.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар