Биыл әдебиет бойынша Нобель сыйлығын канадалық жазушы әрі ақын Энн Карсон алады. Бұл туралы 8 қазанда Стокгольмдегі Швеция академиясы хабарлады, деп жазады Alash.kz.
Сыйлық қаламгерге "классикалық дәстүрмен үндесе отырып, қазіргі заман әдебиетінің тың формаларын қалыптастырған батыл әрі тапқыр шығармашылығы үшін" берілмек.
76 жастағы Энн Карсон поэзия, проза, эссеистика мен антикалық мифологияны шебер ұштастырған туындыларымен танымал. Автордың белгілі кітаптарының бірі – "Қызылдың автобиографиясы" (Autobiography of Red) атты өлеңмен жазылған роман.
Сейсенбіден бері химия, физика, медицина мен физиология салаларында Нобель сыйлығын алуға лайық деп танылған адамдардың аты-жөні жарияланған.
Нобель апталығы кестесіне сәйкес, енді 9 қазанда Ослода Бейбітшілік сыйлығының иегері, ал 12 қазанда 1968 жылы Швецияның мемлекеттік банкі Альфред Нобельдің құрметіне тағайындаған экономика ғылымдары бойынша сыйлық кімге берілетіні белгілі болмақ.
Әдебиет саласындағы Нобель сыйлығы берілетін жазушы анықталды
"Әскери дайындыққа миллиардтаған рубль": Ресей мектеп оқушыларының қолына қару берді
22:02, 12 қараша 2026
«Анасын балағаттағаны үшін»: Әйелді өлтіріп, өртеп жіберген павлодарлық сотталды
17:46, 12 қараша 2026
«Әкесін көріп те алуға болады екен»: Төреғали Төреәлі ел күтпеген пікір білдірді (ВИДЕО)
17:30, 12 қараша 2026
«Мыңқ етпейсің, қабылдап аласың да…»: Рүстем Жаныаманов әсерлі жазба жариялады (ФОТО)
17:03, 12 қараша 2026
Кәмелетке толмаған қызды топ болып зорлаған: Қарағанды облысында бес жасөспірім сотталды
15:04, 12 қараша 2026