Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Адамзатқа қарсы қылмыс жасағандарды аяусыз жазалау керек". Путин адамдықтан аттағандарды "аямау керек" деп айтты

19:41, 26 мамыр 2026

Путин: «Қылмыстардың ішінде тек адамзатқа қарсы жасалған әрекеттерге ғана ескіру мерзімі қолданылмауы керек»

Владимир Путин Ресей өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлері одағының басшысы Александр Шохинмен кездесуде талап қою мерзімі мен жекешелендіру мәмілелеріне қатысты мәселелер жөнінде пікір білдірді.

Кездесу барысында Путин кейбір мәмілелер бойынша талап қою мерзімін қалпына келтіру мәселесі бірнеше жылдан бері талқыланып келе жатқанын атап өтті.

Ресей президентінің айтуынша, ескіру мерзімі қолданылмайтын қылмыстардың жалғыз түрі – адамзатқа қарсы жасалған қылмыстар.

«Менің ойымша, талап қою мерзімі қолданылмайтын және қолданылмауы тиіс жалғыз құқық бұзушылық түрі – адамзатқа қарсы қылмыстар. Ал қалған барлық жағдайда ескіру мерзімі қажет», – деді Владимир Путин.

Айта кетейік, бұған дейін Ресей Мемлекеттік думасы жекешелендіру мәмілелеріне қатысты талап қоюдың 10 жылдық мерзімін қарастыратын норманы мақұлдаған болатын. Осыған байланысты құқықтық реттеу мәселелері Ресейде қайтадан талқылауға түсті.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар