Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Адамдар тұрады, ал үй қирап жатыр": “Дала Қырандары” Қостанайдағы жаңа үйдің тұрғындарына көмектесуге ниет танытты

15:42, 12 шілде 2024 548

Қонай шағынауданында әлеуметтік үй салынған. Ол бұл шағынаудандағы жалғыз әлеуметтік баспана. Тұрғындар бұл үйге 2023 жылы қоныстанғандарымен, олардың бастары әлі де проблемалардан арылар емес. Тыныш өмір сүру – арманға айналғандай. Үйдегі су аққан шатырдан бастап, мүгедектердің арбасына арналған баспалдаққа дейін олқылықтар бар, деп хабарлайды Alash.KZ.

Біз үйдің тұрғыны Русланмен әңгімелестік: 

"Бізге Құрылыс бөлімінің басшысы Байдаулетов Арсаин Болатұлы келді. Ол үйдегі барлық мәселелерді жақсы біледі. Бірақ соңғы рет келген кезде кішкене қарады да кетіп қалды. Бірде-бір өтінішке жауап бермейді, ешқандай шара қолданбайды. Ертең мұна үй қираса, дабыл қаққанымызға қарамастан, біз, тұрғындар кінәлі боламыз", – деп жазды https://www.instagram.com/reel/C87OfFhto1C/?igsh=Ym54ZjdoNXRheDY0 желісі.

Проблемалар тек осы үйде ғана емес, бүкіл шағынауданға да қатысы бар: газдың жүргізілмегеніне үшінші жыл болған, терезелер шытынап, аязда оларды қырау басады. Ал әр ойын алаңында не жөндеуідің аяқсыз қалғанын, не маңында қаулап өскен шөп пен бұталардың артындағы терең шұңқырларды көруге болады.

Құрылыс бөлімінің өкілдері тұрғындардың барлық шағымдарына бір сөзбен: "Тым болмағанда осындай үйлеріңіздің болғанына рақмет айтыңдар" деп жауап береді екен. 

Сонымен:

  • Мемлекеттік қызметкерлер қамқорлық жасауы тиіс адамдар жайлы өмір сүру жағдайына жете алмауда.
  • Мемлекеттік қаржыға салынған осындай нысанды қабылдайтын Арсен Болатұлы.
  • Мемлекеттік қызметшінің тұрғындардың мәселелеріне деген толық немқұрайлылығы.

Біз 10 шілдеде күні шағынауданның тұрғындарымен кездесіп, барлық проблемаларын егжей-тегжейлі талқыладық. Қоғамдық ұйым тарапынан біз Президент Әкімшілігіне хат жолдадық және біз бұл мәселені жариялауды тоқтатпаймыз. 

Еске салсақ, біз 20 мамыр күні Qumash телеграм каналында жарияланымды көрдік (https://t.me/qumash_kz/9492 ). Фотода мемлекеттік мекеменің, атап айтқанда Қостанай қаласының құрылыс бөлімінің кіреберісінде Елтаңбаның жерде жатқанын және үстінен брусчатка не бетонның бір бөлігімен бастырылғанын көруге болады. 

Біз Құрылыс бөлімінінің Instagram парақшасына үндеу хат жазып, келесідей жауап алдық: «Елтаңба желмен ұшып кетті. Бұл оқиға демалыс күндері орын алған соң оны орнына қоятын уақыт болмады. Сол себепті ол сол жерде дүйсенбіге дейін жатты (https://youtu.be/2clAQnepM4M?si=7O1HXUQSArR6Fj1y). 

Көріп отырғанымыздай, бөлімнің ең жас басшысы Арсен Болатұлы, Тәуелсіз Қазақстанда туып-өскен адам ретінде өз кінәсін сезінбейді. Қазақстан халқына қызмет ететін адам Елтаңбаның бірнеше күн бойы аяқ астында жатқанын өрескел деп санамайды. Арсаин Байдәулетов өзін кінәлі сезінбейді және өкінбейді.

Құрылыс бөлімінің проблемалары шаш--етектен. Бөлім жауапты нысандардың барлығында шешілмеген мәселелер жетерлік.

Сонымен, бізге мұндай мемлекеттік қызметкер қажет пе? Ол өз қызметінде не істейді?

Байланыс:

Кез келген қосымша ақпарат алу үшін келесі нөмірге хабарласыңыз +7 705 306 63 66, qyrandary@gmail.com (Анель).

«Дала Қырандары» туралы:

«Дала Қырандары» – Қазақстанның қоғамын түбегейлі өзгертуге дайын белсенді әрі мақсатты жастардың басын бір жерге тоғыстыратын жастар қоғамдық бірлестігі.





























Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар