Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Адамдар эвакуацияланып, көршілес аудандарға сезілді". 7,6 балдық жер сілкінісі болды

"Адамдар эвакуацияланып, көршілес аудандарға сезілді". 7,6 балдық жер сілкінісі болды

Панаманың оңтүстік жағалауында магнитудасы 7,6 болатын күшті жер сілкінісі тіркелді. Бастапқыда жер сілкінісінің магнитудасы 8 деп бағаланғанымен, кейін бұл көрсеткіш түзетілді, деп жазды Alash.kz. 

Жерасты дүмпулері Гринвич уақытымен сағат 17:56-да болған. Жер сілкінісінің ошағы Питалоса-Арриба елді мекеніне жақын жерде орналасқан. Алғашқы мәлімет бойынша, ошақ 33 шақырым тереңдікте жатқан.

Куәгерлердің айтуынша, дүмпулер Панама астанасында және көршілес Коста-Рикада да сезілген. Кейбір ғимараттардан адамдар эвакуацияланған. Әзірге қираған нысандар туралы ақпарат түспеген.

Жер сілкінісінен кейін Орталық Американың Тынық мұхиты жағалауының бір бөлігіне, сондай-ақ Колумбия мен Эквадорға цунами қаупі туралы ескерту жарияланды. Чили билігі де осындай ескерту жасаған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар