Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Адам айтса, нанғысыз оқиға. Белгілі ақын әкесінің "жоғалған" 100 жылқысын даулап, тың дерек жариялады

15:13, 14 тамыз 2024 1618

Белгілі ақын, журналист Танакөз Толқынқызы Фэйсбук парақшасында әкесінің 100 жылқысының ұрланғанын айтып, елді елең еткізер ақпаратты жариялады. 100 жылқының қолды болуын “ғасыр қылмысына” теңеп, тәртіп сақшылары жылқының жоғалуына қатысты деректі тіркемегеніне шағымданды, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.

“Аса ірі көлемде жасалған «ғасыр» қылмысын әшкерелеуге жәрдем беріңіздер!” - деді Танакөз Толқынқызы.

Мұнымен қоса, тың ақпарат бөліскен журналист қылмыстық іске қатысты күдіктіні де атады. Оның айтуынша, "Ғасыр қылмысына" Берікбол Кәрібаев деген азаматтың қатысы болуы мүмкін:

“100 жылқыны асай салған Берікбол Кәрібаев аса ірі көлемдегі мал санын жоқ қыларда кімге сенді, кімге арқа сүйеді?-деген сұрақ туады”, - деді ол.

Тәуелсіз журналистің дерегінше “жұтта қырылып қалды” деген жылқылардың он шақтысы алыстан емес, ауыл адамдарының қорасынан шыққан көрінеді. Ол тіпті жоғалған жылқының кімнің үйінен табылғаны туралы тізім бар екенін атап өтті.

Ауыл адамдары жоғалған жылқының жайылып жүргенін көріп, полицияға хабар берген Алайда тәртіп сақшылары жылқының жоғалуына қатысты деректі тіркемепті.

Тергеушілер жоғалған малды тексеруден бас тартып, қылмысты ашудан қашқақтаған көрінеді.

Шиеленіскен шытырман мұнымен бітпеген. Журналист жылқы табылған ауыл адамдарының Берікбол Кәрібаев пен ауылдың бұрынғы полиция қызметкерінен жоғалған жылқыларды сатып алғаны туралы ақпаратты жария етті. Ал малды сатып алған бес адамның біреуі қазір Жаңаарқа ауданында сотта істейді екен.

Жылқысын жоғалтқан көршісінің шырылдағанын естіген азамат “сатып алғанмын” деп малды қорадан шығармай отырған көрінеді.

Журналист тағы бір дерекпен бөлісті. Кәрібаев - Берікбол Кәрібаевтың әйелі Ғалияның сіңілісінің күйеу. Осы адам істі тексеріп жатқан Жаңаарқа ауданының аға тергеушісі екен.

“Біздің істің ақ-қарасын тексереді деп жүрген сотымыздың бірі әкемнің жылқысын қорасында ұстап отыр. Бірі аға тергеушінің рөлінде бажасының ұрлығын өте «әділетті» және «қара қылды қақ жарып» тексерген болып жүр.

Тергеу амалдарын аса ірі көлемдегі қылмыстық істің «ұрлады», «алаяқтық жасады» деген күдікпен жауапқа тартылған жылқышының туысқаны жүргізгені қаншалықты әділетті және шынайы болады?” - деді ол.

Ал тергеушілерден қайыр болмай отырған көрінеді. Себебі құзырлы орган дәлелдерді де жинамаған.

“Меніңше, аса ірі көлемдегі қылмыс мәселесін көтеріп, қоғамға ақпарат таратып, кәсіби мамандығымен айналысып жатқан журналисті емес ұрлық жасаған қылмыскер мен біздің малымызды қорасы мен жайлауында ұстап отырған адамдарды тергеуі, тексеруі керек деп есептеймін”, - деді журналист.

Бір үйір жылқыны оңай “қылғытқан” адамдар әлі де қамауға алынбаған. Ашынған журналист істің толық зерттелуін сұрап отыр.

“Берікбол Кәрібаевтың артында кім тұр? 100 жылқыны ол біреумен бөлісті ме? Біреуге қылмысын жасырып-жаптыру үшін «ауызбастырық» берді ме? Жоқ енді бере ме? Осының бәрін анықтау, қоғамға нақты және объективті ақпарат беру сіздердің еншілеріңізде, құрметті журналистер мен БАҚ өкілдері”, - деді ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар